Пойыз билеттері қымбаттады

Пойыз билеттері қымбаттады
Сурет: ашық дереккөз

Теміржол билеттерінің қымбаттауын Маңғыстау, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары сезді, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz EnergyProm сайтына сілтеме жасап.

Биыл қазан айында Қазақстанда пойызбен жолаушыларды тасымалдау қызметі бір жылда 7,9 пайызға өскен. Қала маңына жүретін пойыздар 8,8 пайызға, пойыздың плацкарт вагондарында республикаішілік қатынау - 8,6 пайызға, ал купе - 8,9 пайызға өскен.

Фото: EnergyProm

Өңірлер бойынша Маңғыстау облысының тұрғындары қымбатшылықты айтарлықтай сезді: бірден 35,5 пайызға өскен. Антилидерлер қатарында Алматы (22 пайыз) және Солтүстік Қазақстан облыстары (20,2 пайыз) бар.

Қымбаттаудың ең төменгі көрсеткіші Абай облысында тіркелген: небары 0,5 пайыз. Тағы алты аймақта билет құны тіпті төмендеген. Мысалы Жетісу облысында билет құны 10,4 пайызға төмендеген.