Пошта қызметкерлері өз таңдауын жасады

Пошта қызметкерлері өз таңдауын жасады
Cурет: Сайлау 2023 ТГ

Бүгін елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде.  

Айрықша маңызға ие саяси науқанға «Қазпошта» АҚ «Алматы почтамты» Алматы филиалының қызметкерлері де өз учаскелеріне барып дауыс беріп жатыр. Солардың қатарында пошта қызметкері Бауыржан Сербайұлы да бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әуезов ауданына қарасты Қабдолов, 12 мекенжайында орналасқан №167 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасаған ол бүгінгі күнді еліміз үшін маңызды саяси оқиға деп есептейді.  

«Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Менің ойымша, әрбір азаматтың сайлауға қатысуы елдің дамуына, келешегіміздің кемел болуына ықпал етеді. Мен де егемен еліміздің болашағы үшін өз таңдауымды жасап, дауыс бердім», — дейді пошта қызметкері.