Португалиядағы турнирде Жансай Смағұлов күміс жүлде алды

Португалиядағы турнирде Жансай Смағұлов күміс жүлде алды
сурет:egemen.kz

Қазақстандық балуан 73 келі салмақта сынға түсті.

Португалияның Алмада қаласында дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінде қазақстандық Жансай Смағұлов күміс медаль алды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Спорт Шрёдингера» телеграм каналына сілтеме жасап.

Қазақстандық балуан 73 келі салмақта сынға түсті. Финалда ол өзбек дзюдошысы Обидхон Номоновқа есе жіберіп қойды.

Қола медаль испандық Хосе-Антонио Аранда мен Оңтүстік Корея өкілі Кан Хён-Чолға бұйырды.