Баласын үшінші қабаттан құлатып алған әйелге айыппұл салынды

Келіншекті ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралмақ.
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында баласын үшінші қабаттан құлатып алған әйелге айыппұл салынды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz
«Баласымен қонақта болған 20 жастағы қала тұрғыны өз үйіне қайтпақ болғанда, пәтер есігі кілттеліп тұрған. Сол кезде мас әйел баласымен бірге балкон арқылы сыртқа шықпақ болғанда 2 жасар ұл қарға құлап кеткен. Бірден ауруханаға жеткізілген бала ауыр жарақат алмағаны белгілі болды», - деп жазылды ШҚО полиция департаментінің ақпаратында.
Жауапсыз әйелге айыппұл салынды. Енді ол ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес 30 630 теңге төлеуге міндеттелді.
Бұдан бөлек, әйел адамды ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралмақ.