Португалияда орман өртенді

Португалияда орман өртенді
сурет: Inform.kz

Өрттен 32 адам зардап шекті 

Португалияда орман өрті болып, 32 адам зардап шекті. Бірнеше күннен бері елдің орталығы мен солтүстігінде 1,5 мың өрт сөндіруші тілсіз жауды ауыздықтауға тырысқанымен, өртті тоқтату мүмкін болмады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Еuronews.com сайтында жазылғандай, төтенше оқиға салдарынан бірнеше ауылдың тұрғындарын эвакуациялауға тура келді. Синоптиктердің болжауынша, жақын арада ауа температурасы 45°С-қа дейін көтеріледі, бұл жаңа өрттің шығу қаупін арттырады.