Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Жауын, бұршақ, шаңды дауыл

Қазгидромет 11 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігіне ықпалын сақтайды – жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Тек ҚР батысы мен оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын – шашынсыз ауа райы күтіледі. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық болжанады.