Пластик жейтін бактерия

Пластик жейтін бактерия
almaty-akshamy.kz

Қазақстан оқушылары пластик жейтін бактериялар жасап шығарды

Зерттеушілердің айтуынша, бұған ұқсас бактериялар табиғатта бар. Бірақ олардың метаболикалық процестері баяу. Оқушылар оларды жылдамдатудың жолын ойлап тапты. "Хабар" агенттігінің хабарлауынша, бұл салада көп зерттеу жасалған.

"Жасалған бактерияны табиғатқа шығару мүмкін емес", - дейді биолог Жанна Өтебаева.

Оның айтуынша, оны өнеркәсіптік ортадағы биореакторда ғана қолдануға болады. Прототипті оқушылар өздері жасады. Қоқыс өңдейтін зауыттардың бірі жобаға қызығушылық танытып үлгерді. Өйткені пластик ғасырлар бойы ыдырамай, қоршаған ортаны ластайды. Бір грамм бактерия биореакторда 1-2 сағатта 80 грамм пластикті ыдыратады.