Пітір садақаны уақытымен бермесе не болады?

Пітір садақаны уақытымен бермесе не болады?
Сурет: Ernur.kz

Жалпы пітір садақаны қай уақытқа дейін берген жөн?

Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Фиқһ ғалымдары пітір садақасын айт күні таң атқан соң айт намазын оқымай тұрып беру ұнамды амал дейді.

Алайда, пітір садақаны Рамазан айы кіргеннен бастап, Ораза айт намазына дейін беруге болады. Көптеген адамдар соңғы күні пітір садақа беруді ұмытып, уақытынан кешіктіріп жатады. Сондықтан Рамазан айының ішінде пітір садақасын беруге болатындығын ескерген жөн. Уақытында бере алмаған жағдайда кейін берсе де болады, бірақ оның сауабы азаяды.