Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр

Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр
Cурет: 24.kz

Алматы қаласы «жасыл» аймақта

21 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

«Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

Еске сала кетсек, кеше Атырау облысы «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті.