Ерболат Досаев Алатау ауданында су құбырлары мен кәріз желілері қашан салынатынын айтты

Ерболат Досаев Алатау ауданында су құбырлары мен кәріз желілері қашан салынатынын айтты
Сурет: Almaty-akshamy

Бұл жұмыс 2023 жылдың сәуірінде басталады.

Келер жылдың көктемінде Алматының Алатау ауданында су құбырлары мен кәріз желілері салынады. Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аудан тұрғындары өздерін толғандыратын өзекті мәселені көтерді. 

«Мен "Боралдай" шағынауданында тұрамын. Бұрын Іле ауданы болған. 2011 жылы қалаға кірдік. Бізге су 39 мектеп-гимназиясынан келеді. Мектептен кішкентай құбырмен су тартылған. Енді осы және кәріз мәселесі қашан шешіледі?» - деп сұрады кездесуге келген қала тұрғыны. 

Алматы әкімі бұл мәселе келер жылы шешімін таба бастайтынын айтты. 

"Боралдай" шағынауданында биыл магистралды жүйенің құрылысы жүріп жатыр. Осы құрылыс аяқталған соң, ішке кіретін желілерді ендігі көктемде, сәуір айында, бастаймыз. Су қарқыны бойынша, сіздер суды мектептен алатын болғандықтан, оның қарқыны төмен. Распредсеть келгеннен кейін сіздерді сонда қосып, мектеп суынан ажыратамыз. Бұл жұмыс келесі жылы сәуірде басталады»,- деді қала әкімі.