Төлқұжат алу құны өзгереді

Төлқұжат алу құны өзгереді
Сурет: Gov.kz

Өзгеріс 2023 жылғы 21 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мемлекеттік баж мөлшерлемесі өтініш берген субъектіге байланысты қолданылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің ақпаратына сәйкес, мүліктік сипаттағы талап арыздардан соттарда мемлекеттік баж сомасының жоғарғы шегі белгіленді:

жеке тұлғалар үшін – талап қою сомасының 1 пайызы, бірақ 10 000 АЕК-тен артық емес;

заңды тұлғалар үшін – талап қою сомасының 3 пайызы, бірақ 20 000 АЕК-тен артық емес.

Сонымен қатар сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар бойынша ставканы қолдану тәртібі өзгертілді. Осылайша, мемлекеттік баж мөлшерлемесі өтініш берген субъектіге байланысты қолданылады. Аталған өзгерістер 2023 жылғы 21 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы азаматының (16 жасқа дейінгі балалар үшін) төлқұжатын бергені үшін мөлшерлемелер 8-ден 4 АЕК-ке дейін төмендетілді.

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (16 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бергені үшін мөлшерлемелер белгіленді:

36 бет – 8 АЕК;

48 бет – 12 АЕК;

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бергені үшін оны бір жыл ішінде екі реттен артық жоғалтуына байланысты – 1 АЕК мөлшерлемесін белгілеу.