Түркия орталығында тағы жер сілкінісі тіркелді

Түркия орталығында тағы жер сілкінісі тіркелді
Сурет: Тwitter.com/anadoluagency

Түркияда тағы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Деректерге сәйкес, Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі болған. Жерасты дүмпулері Астана уақыты бойынша сағат 9.13-те тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Гельбаши ауданынан бес шақырым жерде орналасқан. Ошақ екі шақырым тереңдікте анықталған.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шеккен. Ең күшті жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апат салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.

Түркия жеті күндік жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Елдегі және көршілес Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 4 мыңнан асты.