Парацетамолдың өлімге әкелетін қауіптілігі анықталды

Парацетамолдың өлімге әкелетін қауіптілігі анықталды
Сурет: Asna.ru

Бұл - Эдинбург университеті мамандарының зерттеу деректері.

Парацетамолды ұзақ тұтыну жүрек ауруы мен инсультті тудырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Зерттеуге қан қысымы жоғары 110 ерікті адам қатысты. Екі апта бойы олардың кейбіреулері күніне төрт рет парацетамол қабылдаған, ал басқалары плацебо қабылдаған. Пациенттер емдеудің екі түрін де көздері байланған күйде және кездейсоқ таңдап алған.

Сонымен қатар, зерттеуге қатысушылардың үштен екісі гипертонияға қарсы препараттар да ішкен. Нәтижесінде, зерттеуге қатысушылардың қан қысымының орташа есеппен алғандағы көрсеткішінің жоғарылағаны анықталды.

Сарапшылардың пікірінше, парацетамолды үнемі қолдану жүрек ауруы немесе инсульт қаупін шамамен 20 пайызға арттырады деп күтуге болады. Аталған препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін қатысушылардың қан қысымы зерттеудің басында болған деңгейіне қайтып келген.

Бұған дейін парацетамолдың бауыр ауруын күшейтетіні белгілі болды. Сонымен қатар, препарат терінің қызарып қышуы, ісінуі, бөртпелер шығып, қабыршақтанып, аллергия тудыруы да мүмкін.

Парацетамол, сондай-ақ ацетаминофен ретінде де белгілі, ол ыстықты түсруге, жеңіл және орташа ауырсынуды басуға кеңінен қолданылады. Ол орталық жүйке жүйесіндегі циклооксигеназды блоктайды, ауырсыну мен терморегуляция орталықтарына әсер етеді. Іс жүзінде қабынуға қарсы әсері жоқ.

Парацетамол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маңызды дәрі-дәрмектер тізіміне енгізілген.