Оқушылар рубик текшесінен Абайдың портретін құрастырды

Оқушылар рубик текшесінен Абайдың портретін құрастырды
Tengrinews.kz.

Семейлік оқушылар рубик текшесінен Абайдың портретін жасап шығарды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz «Хабар 24» сілтеме жасап.

Ол үшін балалар 3 мың рубик текшесін пайдаланған екен. Оқушылар Абай бейнесін құрастыруға 6 сағат жұмсағандарын айтады.

Салмағы 450 келіге дейін жетеді. Абайдың портреті Семейдегі музейге қойылды. Келушілер оны тамыз айының аяғына дейін тамашалай алады.