Аналарға құрмет: Таразда «Анаға тағзым» орталығы ашылды

Аналарға құрмет: Таразда «Анаға тағзым» орталығы ашылды
Сурет: Inform.kz

Тараз қаласында "Анаға тағзым" орталығы ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚазАқпарат агенттігінің ақпараты бойынша, нысан ел Тәуелсізідігінің 30 жылдығына орай ашылған.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен бой көтерген орталықтың алдына ақжаулықты аналардың құрметіне еңселі ескерткіш орнатылған. Нысан жергілікті демеушілердің көмегімен салынған. Мұндай орталық бұған дейін Ақтөбеде бой көтерсе, еліміз бойынша екінші болып Тараз қаласында ашылып отыр.

Салтанатты шараға ел анасына айналған танымал тұлғалар, белгілі азаматтарды өмірге алып келген ақ жаулықтылар, спорт пен өнердегі нәзік жандылар, кәсіпкер әйелдер мен қоғам белсенділері қатысты.

Аймақ басшысы өткеннің өнегесін бүгінгі жас буынның бойына сіңіру керектігін айтып, орталықтың алдағы уақытта атқаратын жұмысына тоқталды.