Өткен жылы 200-ге жуық кітап жарық көрді

Өткен жылы 200-ге жуық кітап жарық көрді
Сурет: Balbal.kz

Бұл кітаптар республикалық бюджет есебінен шығарылды. 

«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы аясында 2022 жылы басылып шыққан жалпы әдебиеттер тізімі жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Ашық» НҚА порталына орналастырылған тізімге сәйкес, былтыр 188 кітап басылып шыққан. Олардың басым бөлігі қазақ тілінде жарық көрген. Бағдарлама аясында мына кітаптар оқырманға жол тартты:

- Әлия Дәулетбаева. Алматыдан алыста

- Қанат Әбілқайыр. Жылан кегі

- Маралтай Райымбекұлы. Аруана (поэма)

- Бауыржан Қарабеков. Өмірімнің өрнегі

- Салтанат Минайхан. Жеңілмейтін махаббат

- Бауыржан Әліқожа. Ақтүн

- Үміт Битенова. Балабақшадан басталған

- Мейірхан Ақдәулетұлы. «Таңдамалы». 1-том;

- Ахат Жақсыбаев. Иса Ақын. І кітап

- Серік Нұғыман. Асыл қиқым.

Туындылардың толық тізімін «Ашық» НҚА порталының сайтынан көруге болады.