Зарина Дияс Лозаннадағы турнирдің екінші айналымына шықты

Зарина Дияс Лозаннадағы турнирдің екінші айналымына шықты
Сурет: sputnik.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Швейцарияның Лозанн қаласындағы  WTA турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Бірінші раундтық кездесуде ол швейцариялық Симон Вальтертті екі сетте жеңді. Есеп - 6: 4, 6: 4. Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды. Өз кезегінде қазақстандық ракеткашы тек бір рет эйс жасап,  екі рет қателесті, ал Симона төрт, бес рет есе жіберді.

 

Отандасымыз әлемдік рейтингте  102-ші, Вальтерт - 235-ші орында.