Өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

Екі пациенттің жағдайы өте ауыр

Өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
7 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 684 адам коронавирус инфекциясынан (–1 509 + және 175 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 128 пациент стационарда, 1 556 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында  4 адамның жағдайы ауыр,  2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.