Сауд Арабиясы шетелдіктерге қажылық жасауға рұқсат берді

Сауд Арабиясы шетелдіктерге қажылық жасауға рұқсат берді
Cурет: pxhere

COVID-19 тестінің анықтамасы болу шарт

Сауд Арабиясы үш жылдан кейін алғаш рет шетелден келетіндерге қажылық жасауға рұқсат берді әрі сырттан келушілер санын 1 миллион адамға дейін арттырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сауд баспасөз агенттігі хабарлағандай, короавирусқа қарсы екпе алған 65 жасқа дейінгі адамдарға биыл қажылық жасауға рұқсат етіледі.

Шетелдіктер үшін әмірлікке келіп жеткенге дейін 72 сағат бұрын алынған COVID-19 тестінің анықтамасы болғанда ғана жарамды.

Қажылар денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін сақтық шараларын сақтап, рәсімдер кезінде профилактикалық нұсқауларды орындау керек.