Отан қорғау – қасиетті парыз

Отан қорғау – қасиетті парыз
сурет: pixabay.com

Алатау ауданы Отан қорғаушылар күнін атап өтті. 

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр - Жеңіс күні мерекелеріне орай, Алатау ауданы әкімдігі алдындағы алаңында орналасқан «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Іс-шараға аудан әкімі, аудан ардагерлері, ауған соғысы ардагерлері мен жастар қатысты. Маңызды жиын кезінде аудан әкімі Азамат Қалдыбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағатулла Таубалды, ауған соғысы ардагерлері сөз сөйледі. Гүл шоқтарын қою рәсімінен соң, «Атлетикалық ауыл» аймағында ардагерлер мен аудан тұрғындарына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылып, эстрада әншілері Асқар Жүнісбеков, Сейфуллин Жолбарыс, Димаш Даулетов, «Зира», «Мерей» ансамблдері, басқа да отандық өнерпаздар, шығармашылық ұйымдар өнер көрсетті. Мерекелік концерттен кейін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аумақтың еңбек ардагерлері мен ауған соғысы ардагерлеріне (200-дей адам) мейрамханада дастарқан жайылып, азық-түлік себеті таратылды.