Осы жыдың соңына дейін Түрксіб ауданында жаңа спорт кешені ашылады

Осы жыдың соңына дейін Түрксіб ауданында жаңа спорт кешені ашылады
Сурет: Skastana.kz

Мамандар болашақта спорт кешендерінің саны артатынын айтады.

Түрксіб ауданының тұрғындары үшін спорт объектілерін «жақын орналастыру» жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан халқымен өткен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Осы жылдың наурыз айында «Жұлдыз» шағынауданында бассейні, гимнастика, жекпе-жекпен айналысуға арналған залдары және т.б. бар жеке дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Жылдың соңына дейін «Жас Қанат» шағынауданында бассейні бар тағы бір спорт кешені іске қосылады»,- деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Сонымен қатар әкімнің айтуынша, осы жылдың қазан айында Майлин көшесіндегі «Авиатор» стадионының және Огарев көшесіндегі Даму және шығармашылық орталықтың аумағында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу үшін жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама қорытындысын алу жоспарланған.