Алматыда 15 өрт сөндіру депосы жетіспейді

Алматыда 15 өрт сөндіру депосы жетіспейді newsprikamie.ru

Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына тез жетіп, шұғыл шара қолдану үшін деполардың жағдайын жақсарту керек


Шаһар басшысымен кездесуге арнайы келген Түрксіб ауданының тұрғыны өрт сөндірушілердің жұмысына шағымданды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



«27 маусым күні «Жас қанат» шағынауданында үй өртенді. Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына 25 минут дегенде әрең жетті. Ол уақытта үй жанып, төбесі опырылып түсті. Мұндай төтенше жағдай кезінде құтқарушылар, полиция, жедел жәрдем қызметкерлері алғашқылардың бірі болып сол жерден табылу керек еді, өкінішке орай, олай болмады»,- дейді Түрксіб ауданының тұрғыны.



Өз кезегінде Ерболат Досаев жаңа шағынаудандардың ашылуына байланысты өрт сөндіру деполары жетіспей жатқанын айтты.



«Алматыда жаңа аудандардың пайда болуына байланысты 15 өрт сөндіру депосы жетіспейді. Қазір деполар бойынша жоба дайындалып жатыр. Сонымен қатар, өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына тез жетіп, шұғыл шара қолдану үшін деполардың жағдайын жақсарту керек»,- деді Алматы әкімі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04