Осы кезге дейін қанша шетелдік көлік заңдастырылды?

Осы кезге дейін қанша шетелдік көлік заңдастырылды?
Сурет: Polisia.kz

Көкшетау тұрғыны өз көлігін заңдастырған он мыңыншы адам болды.

31 жастағы Азамат Еслямбеков Honda Odyssey маркалы автокөлікті Армениядан алып келген. Бүгін ер адам өзінің көлік құралын заңдастырып, қазақстандық техпаспортты, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлік белгіні алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кету керек, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Өтінім беру тәсілдері: eGov.kz үкімет порталы арқылы; екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы; ХҚКО арқылы. Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс, қылмыстық есепте болмауы керек, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі тиіс.