Орталық сайлау комиссиясы үндеу жариялады

Орталық сайлау комиссиясы үндеу жариялады
Сурет: Egemen.kz

Референдумға қатысу талаптары белгілі болды

ОСК референдумға 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы 5 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша республикалық референдумға қатыса алатынын атап өтті. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz хабарлайды Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

«Сіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдеріне енгізілуіңіз референдумға қатысу конституциялық құқығыңыздың іске асырылу кепілі болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тізімдерді Сіздің дауыс беруге арналған нақты учаскенің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар тізімдерге берілген өтініш негізінде енгізіледі», делінген үндеуде. 

Дауыс беруге арналған учаскелер тиісті әкімдердің шешімдерімен құрылады, олардың шекаралары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

«Өз учаскеңізді біліп, тізімге енгізілгеніңізді Сіз жергілікті атқарушы органға хабарласып, тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда, Сіз әкімдікке тиісті өтініш беруге құқылысыз», дейді ОСК.

20 мамырдан бастап сайлау учаскесінде республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізімінен өзі туралы деректерді тексере алады.

Қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса, дереу учаскелік референдум комиссиясына жүгіну қажет.