Өрт сөндіруші мамандығы ең асыл мамандықтардың бірі

Өрт сөндіруші мамандығы ең асыл мамандықтардың бірі
Сурет: gov.kz

Тәуелсіздіктің құрдасы Дәурен Дәулетханұлы Ескелді ауданының Алдабергенов ауылында дүниеге келген деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Текелі қаласының №5 орта мектебін бітірген кейін қауіпсіздік саласына қызмет ету мақсатын қойды. 

«Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін ҚР Қарулы Күштері қатарына қызметін өтегеннен кейін, кездейсоқ па әлде  тағдырдың жазуымен өрт сөндіру қызметіне тұрдым. Өрт сөндіру бөлімінде қызмет ету кезеңінде бөлімше командирі лауазымында ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына түсуге шешім қабылдадым, бұл туралы мен еш өкінбеймін», -дейді Дәурен Дәулетханұлы.

Дауреннің пікірінше, өрт сөндіруші мамандығы ең асыл мамандықтардың бірі. Өйткені ол адам өмірін құтқарумен  байланысты. Өрт сөндіру бөлімінде 7 жыл қызмет еткеннен кейін мен тез және ең дұрыс шешім адам өмірін сақтап қалуда табысқа жететінін түсіндім. Қазіргі уақытта мен осындай күрделі шешімдерді қабылдаудың негізгі буынымын.

«Мамандық таңдау, бақытты өмір сүру, еркін болу құқығы – бұл Негізгі Заңның негізгі міндеті. Мұның бәрі әрқайсымызға байланысты. Біз, жастар, мемлекетіміздің болашағына сенеміз және өз еңбегімізбен оның дамуы мен өркендеуін жақсартуға тырысамыз», - деп толықтырды Даурен.

Дәурен бүгінгі таңда екі баланы тәрбиелеп отыр.