Өрт салдарынан ер адам қаза тапты

Өрт салдарынан ер адам қаза тапты
almaty-akshamy.kz
25 ақпан күні сағат 02:49-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Райымбек ауылдық округіндегі саяжай қоғамдастығының тұрғын үйінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнында құтқарушылар үй иесінің денесін тапты.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт салдарынан 68 шаршы метр аумақ болатын төбе опырылған.

"Сағат 04:00-де өрт локализацияланып, 05:03-те сөндірілді. Өрт орнынан үй иесінің мәйіті табылды", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Мамандардың алдын ала бағалауы бойынша, өрт электр тоғының қысқа тұйықталуынан шыққан. Өртті сөндіруге 20 қызметкер мен 6 төтенше жағдай қызметі, полиция және жедел жәрдем техникасы жұмылдырылды.