Оңтүстік Корея Президенті КХДР ядролық сынақ өткізе алатынын айтты

Оңтүстік Корея Президенті КХДР ядролық сынақ өткізе алатынын айтты
Сурет: Mir24.tv

Бұл ел ядролық сынақ жүргізуге толығымен дайын.

Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёл КХДР шешім қабылдаса, кез келген уақытта ядролық сынақ өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Interfax.ru cілтеме жасап. 

«Біз (...) менің инаугурациям болған сәттен бастап ол (Пхеньян - IF) (ядролық сынақ жүргізуге - IF) толығымен дайын, сол себептен шешім қабылдаса, кез келген уақытта оны іске асыра алады деп санаймыз», - деген Президент сөзін «Ренхап» ақпарат агенттігі келтіріп отыр. 

Өз кезегінде Жапонияның Қорғаныс министрлігі де «Ақ кітап» атты жыл сайынғы баяндамасында КХДР әрекеті Жапонияның қауіпсіздігіне «ауыр қатер» төндіретінін мәлімдеді. 

2022 жылдың басынан бері Солтүстік Корея зымырандарды «өте жоғары жиілікте және жаңа әдіспен» ұшырғаны атап өтілді. 

Пхеньян «әрі қарайда арандатушылыққа» баруы мүмкін, делінген баяндамада  Солтүстік Корея ядролық сынақ өткізуі мүмкін деген болжам жасалып отыр. 

Соңғы рет КХДР мұндай сынақты 2017 жылы өткізген болатын.