Каспий порттары арқылы отандық кәсіпкерлердің жүк тасымалы артты

Каспий порттары арқылы отандық кәсіпкерлердің жүк тасымалы артты
Сурет: Casp-geo.ru

Бұл туралы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының басшысы Асхат Қабашев арнайы брифингте мәлімдеді.

Қазір теңіздегі Ақтау, Солтүстік терминал және Құрық порттары толық қуатымен жұмыс істеп тұр. Өңірге темір жол және автокөлік арқылы жүк тасымалдау көлемі де ұлғайған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Экспорттаушы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жүк тасымалын үзбеу үшін, жаңа контейнер хабын салу жоспарда бар. Бұл жұмыстар «Ақтау» порты арнайы экономикалық аймаққа өткеннен кейін жүзеге асырылатын болады.

«Екі жыл бұрын пандемия салдарынан порттарда жүк тасымалы көп болған жоқ. Оның үстіне бірнеше тауарға эмбарго енгізілді. Ол да жүк көлеміне теріс әсер етті. Қазір жағдай мүлде басқаша. Порттар толық жұмыс істеп тұр. Қосымша контейнер хабын салу үшін 19 гектар жер дайындап отырмыз», - дейді «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ басқарма төрағасы Асхат Қабашев.

.