Әлемде бір апта ішінде 6,2 миллионнан астам адам КВИ жұқтырған

Әлемде бір апта ішінде 6,2 миллионнан астам адам КВИ жұқтырған
Сурет: Rbc.ru

Коронавирус салдарынан 11 мың адам қайтыс болған. 

Бір апта ішінде бүкіл әлемде 6,2 миллионнан астам COVID-19-ды жұқтырудың жаңа жағдайы анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап. 

Коронавирустан қайтыс болғандар саны Америка аймағында (7%), Шығыс Жерорта теңізінде (15%) және Оңтүстік-Шығыс Азияда (20%) өсті. Бұл ретте өлім-жітім Тынық мұхитының батыс бөлігінде (3% - ке), Еуропада (14% - ке) және Африкада (39% - ке) төмендеді. 

Жалпы алғанда, бір апта ішінде бүкіл әлем бойынша коронавирус салдарынан 11 мың адам қайтыс болды..