Станислав Канкуров, Алматы қалалық мәслихатының хатшысы: Жолдау қоғамда кең қолдауға ие болды

Станислав Канкуров, Алматы қалалық мәслихатының хатшысы: Жолдау қоғамда кең қолдауға ие болды
Сурет: Inform.kz

Жалпы мәслихат депутаттары Жолдауды мұқият тыңдап, барлығы әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында өз пікірлерін жариялады. Жолдауды насихаттау бойынша, депутаттар халықпен және еңбек ұжымдарымен кездесіп, барлық аудандарды қамтитын болады. Мемлекет басшысының саяси жаңғырту реформалары Алматы қаласында тиімді жүзеге асырылып келеді. Алматылықтардың пікіріне сүйене отырып, Жолдаудың қоғамда кең қолдауға ие болғанын байқап отырмыз. Жалпы шаһарымыз әкімнің басқаруымен президент тапсырмаларын орындап келеді. Депутаттық корпус әкімдікпен бірлесіп, Жолдау мақсаттарын іске асыруға барынша атсалысатын болады.