Оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазгидромет ел аумағында 2 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктер мәлімдегендей, Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

«Тек солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

ҚР бойынша тұман, солтүстікте, солтүстік-шығыста - көктайғақ, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста - жел күшейюі мүмкін», - делінген ақпаратта.