Дүлей дауылдан 4 адам қаза тапты

Дүлей дауылдан 4 адам қаза тапты
Сурет: интернеттен

Испанияның бірқатар аумағында «Нельсон» дауылы ойран салды.

Табиғи апаттан 4 адам қаза тапқан. Дауыл кезінде теңізде алып толқын көтеріліп, биіктігі 8 метрге жеткен, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Желдің екпінінен ағаштар құлап, жолдарды су шайған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты елде Пасха мерекесіне байланысты іс-шаралар өткен жоқ. Көптеген өңірде қатты желге байланысты жарияланған сарғылт түсті ескертуі әлі де сақталып отыр.