Алматыда бір тәулікте 7 мыңға жуық адам вакцина алды

Алматыда бір тәулікте 7 мыңға жуық адам вакцина алды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында бір тәулікте 6960 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«28 қыркүйек күні 6 960 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 2 324, II компонентін 4 636 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 28 қыркүйек аралығында қалада 948 144 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 862 223 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 117 969 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 149 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 214 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.