Елімізде дәстүрлі «Ассалаумағалейкүм» халықаралық фестивалі басталды

Елімізде дәстүрлі «Ассалаумағалейкүм» халықаралық фестивалі басталды
Сурет: Egemen.kz

Еліміздегі белгілі қуыршақ театрлары Ақтөбеде бас қосты.

Өңірде дәстүрлі «Ассалаумағалейкүм» халықаралық фестивалі басталды. Мәдени шараға отандық өнерпаздардан бөлек Ресей Федерациясының Бурят, Ингуш, Башқұртстаннан келген жас көрермендер театрлары, Өзбекстаннан Ферғана облыстық және Қырғыз мемлекеттік қуыршақ театрларының өкілдері қатысуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Фестиваль барысында 14 ұжым әлем классикасынан бастап түрлі ұлт әдебиетінен қойылымдар сахналайтын болады. Әділқазылар алқасы үздік спектакль мен режиссураны, үздік сценография мен музыкалық көркемдеуді және актер мен актрисаны анықтайды.