Олимпиадада коронавирусқа шалдыққандар саны 220-ға жетті

Олимпиадада коронавирусқа шалдыққандар саны 220-ға жетті
24.kz

Жапониядағы Олимпиадада соңғы тәулікте тағы 27 адам коронавирус жұқтырды.

Бұл туралы шараны ұйымдастырушы комитет мәлімдеді, деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz

Дертке шалдыққандар арасында үш спортшы бар. Қалғаны шараға қатысып жатқан делегация мүшелері, журналистер, волонтерлер және жалдамалы жұмысшылар.

Айта кетейік, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарына қатысушылар арасында осымен екінші күн вирусты көп жұқтыру дерегі тіркеліп отыр.

Жалпы, қазір Олимпиадада дертке шалдыққандар саны 220-ға жетті.