Алматыда қару кезенген күдікті ұсталды

Алматыда қару кезенген күдікті ұсталды
Сурет: Inbusiness.kz

Алматыда түн ішінде қару кезенген күдікті ұсталды.

Оқиға Алатау ауданындағы Дарабоз ықшамауданында болған. Аулада қару асынған белгісіз ер адамды байқаған кешен тұрғындары дереу полицияға хабар берген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Қауіпсіздік мақсатында патрульдік полиция күшімен тұрғын үй қоршалды. Артынша арнайы бөлімше қызметкерлері күдіктіні ұстады.

Полицияның мәліметінше, сол тұрғын үй кешегінің 37 жастағы тұрғыны әйелімен жанжалдасқаннан кейін осындай әрекетке барған. Ер адамның өз атына тіркелген тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы болған. Тұрғындардың айтуынша, ол бірнеше рет атып үлгерген. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.