«Олимп» букмекерлік кеңсесінің бұрынғы басшысына іздеу салынды

«Олимп» букмекерлік кеңсесінің бұрынғы басшысына іздеу салынды
Сурет: Ашық дереккөзі

Істің фигуранттары заңсыз әрекетпен айналысқан.

Ресей Ішкі істер министрлігі кәсіпкер Дмитрий Давыдовқа іздеу салды. Interfax.ru сайтының жазуынша, 16 желтоқсанда Әділет министрлігі оны шетел агенті ретінде таныған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Давыдовтың дерегі бар карточка 26 желтоқсанда министрліктің іздеу базасында пайда болған. Онда кәсіпкердің қай бап бойынша ізделіп жатқаны көрсетілмеген.

Давыдов 1981 жылы Қазақ КСР-да дүниеге келген.

БАҚ мәліметінше, Давыдов «Олимп» букмекерлік фирмасының тең иесі болған. Ол істің фигуранттары заңсыз әрекетпен айналысқан. Бұдан бөлек, кәсіпкер «Ресейді дамытудың 20 идеясы» авторлық жобасын жасады деген күдікке ілінген.