"Омикрон" - коронавирустың өте жұқпалы нұсқасы

"Омикрон" - коронавирустың өте жұқпалы нұсқасы
inform.kz

ҚР Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарманның айтуынша, «омикронның» өзі коронавирустың өте жұқпалы нұсқасы болып табылады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz inform.kz сілтеме жасап.

«Жаңа «омикрон» штамы «дельтамен» салыстырғанда мың есе жұқпалы. Дегенмен, ол инфекция мен алғашқы белгілердің пайда болуы арасындағы қысқа мерзіммен сипатталады. "Омикронның" ауыр асқынуды аз мөлшерде тудыратыны да айтылады. Ол негізінен жоғарғы тыныс жолдарында шоғырланған. Өкпеге сирек түседі. Дегенмен, қарт адамдар мен созылмалы аурулары бар адамдарға, сондай-ақ жас балаларға үлкен қауіп тудырады. Сондықтан барлық сақтық шаралары қажет. Себебі індеттің жұқпалылығынан науқастар ауруханаға әлі көп түсетін болады. Қазір көптеген медицина қызметкерлері де ауру жұқтыруда. Сол үшін бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және вакциналау режимі сақталуда. Осы орайда бустерлік дозасы егде жастағы адамдар мен созылмалы ауруы барларға ауыр зақымданулардың деңгейін айтарлықтай төмендетеді дегім келеді.

Мен «омикронды» қатаң шектеулерді қажет ететін соңғы індет және болашақта пандемиямен күреспейтін боламыз деп үміттенемін», - деп түйіндеді профессор.