Коронавирусқа 15 адам шалдығып, 11 науқас жазылып шықты

Коронавирусқа 15 адам шалдығып, 11 науқас жазылып шықты
Сурет: Vlast.kz

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 950 адамға жетті. Бүгін белгілі болғандардың ішінде 2-еуі Нұр-Сұлтан қаласында, 12-сі Алматы қаласында, 1-еуі Қарағанды облысында тұрады», - деп мәлімдеді Ведомствоаралық комиссия.

Мекеме Қазақстанда 11 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққанын да атап өткен. Нұр-Сұлтан қаласында - 7, Алматы қаласында - 3, Жамбыл облысында 1 адам сауығып, қатарға қосылған. Елімізде барлығы 1 292 152 тұрғын COVID-19-дан емделді.