Бүгін футболдан ел біріншілігінің 14-туры өтеді

Бүгін футболдан ел біріншілігінің 14-туры өтеді
Сурет: Kazakhmys.kz

Бүгін, 19 маусымда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің он төртінші туры өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Он төртінші тур ойындарының барлығы бір күнге белгіленген. Мамандар аталған турдағы басты ойын ретінде Қостанайдың «Тобыл» және Ақтаудың «Каспий» командалары арасындағы кездесуді атайды. Өткен жылғы ел чемпионы - «Тобыл» қазір турнир кестесінде бесінші орында тұрса, ақтаулық клуб көш басында келеді.

Аталған кездесу елорда уақытымен 21:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, он төртінші турда «Шахтер» (Қарағанды) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тараз», «Қайрат» (Алматы) пен «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Атырау» мен «Ақтөбе», «Тұран» (Түркістан) мен «Ақжайық» (Орал), «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Ақсу» (Павлодар облысы) клубтары кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық клубтардың UEFA лигасындағы қарсыластары анықталды.