Нью-Йоркте кептеліс салығы енгізіледі

Нью-Йоркте кептеліс салығы енгізіледі
Сурет: ашық дереккөз

Нью-Йорк билігі қала тұрғындары мен қонақтарына кептеліске салық енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Жергілікті билік, Манхэттенің ең көп баратын жерлеріне салым төлеуді көздеп отыр. Мұнда жүргізушілер күніне 23 долларға дейін төлейді. Жоба үйлестірушілерінің айтуынша, Манхэттенге кіретін көліктер санын 15-20 пайызға қысқарады.

Бұл жоспарды АҚШ Көлік министрлігі мен президент Джо Байденнің әкімшілігі қолдаған. Бағдарлама келесі көктемде басталуы мүмкін. Еске салайық, жүргізушілер үшін осындай салықтар Лондонда, Сингапурде және Стокгольмде бар