«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық конкурсына өтінім беру тағы да ұзартылды

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық конкурсына өтінім беру тағы да ұзартылды
Сурет: Elorda.info

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет басшысымен тағайындалған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын ұсыну жөніндегі конкурсқа өтінім қабылдау мерзімі 2022 жылғы 25 қыркүйекке дейін ұзартылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға cілтеме жасап.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (электрондық нұсқасы) generation.kaz@gmail.com поштасы арқылы, (қағаз нұсқасында)Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс) мекенжайы бойынша қабылданады.

Байланыс номерлері: 8 (7172) 74-12-78, 8 (702-000-88-12). 

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады және:

1) нысан бойынша жобаның сипаттамасы;

2) жобаның бейне-таныстырылымы (60 секундтан аспайды);

3) шығындар сметасының жобасы;

4) зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуы тиіс.

АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймолдинов ел жастарына «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын ұсыну жөніндегі конкурсқа қатысу мүмкіндігін беру және барлық өңірлердің жастарын қамтуды кеңейту мақсатында конкурстық өтінім қабылдау мерзімін 25 қыркүйекке дейін ұзарту туралы шешім қабылдағанын хабарлады.