Нұрсұлтан шыңының атауы өзгерді ме?

Нұрсұлтан шыңының атауы өзгерді ме?
Сурет: интернеттен

Биіктігі 4376 метр шыңның атауын өзгерту туралы ресми хабарланған жоқ.

1997 жылдан бастап Іле Алатауындағы шыңға Қазақстанның тұңғыш президентінің есімі берілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Алматы-2023" халықаралық альпинизм ойынының бағдарламасында Нұрсұлтан шыңы атанған  Іле Алатауының шыңы қайтадан Алматы шыңы деп аталғаны байқалды.

Биіктігі 4376 метр болатын шыңның атауын өзгерту туралы ресми түрде ешкім хабарлаған жоқ. Дегенмен 8-9 шілдеде өткен "Алматы-2023" халықаралық альпинизм бағдарламасы тау шыңының 2023 жылдан бастап қайтадан "Алматы шыңы" деп аталатынын көрсетті.

"Мереке аясында Алматы қаласының аты аңызға айналған шыңы – Алматы шыңына (1930-1935 жылдары – Алматы шыңы, 1935-1997 жылдары – Комсомол шыңы, 1997-2023 жылдары – Нұрсұлтан) 4376 метр биігіне көтерілу болады", - делінген спорт шарасының бағдарламасында.

Қазақ альпинистері үнемі шығып тұратын шыңның бұрын да атаулары көп болған. Олардың біріншісі "Кіші Алматы шыңы" болып саналады. 1997 жылдан бастап тауға Қазақстанның тұңғыш президентінің есімі берілді.