Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға ризашылығын білдірді

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға ризашылығын білдірді
Сурет: Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел халқына алғысын білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қымбатты отандастар!Құрметті достар!

Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді.

Жақын адамнан айырылу орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді.

Соңғы күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатырмын. Сондай-ақ, маған еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түсті.

Қайғымды бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысымды айтамын.

Шынайы ниеттеріңізге көп рахмет», - деп жазды Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ресми сайтында.