Мемекет басшысы: Бұқаралық спортқа жағдай жасау қажет

Мемекет басшысы: Бұқаралық спортқа жағдай жасау қажет
Сурет: News.myseldon.com

Бұқаралық спортты дамытуға көңіл бөлініп келеді

Президентіміз өз Жолдауында дене шынықтыру мен спорттың маңыздылығын да атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Денсаулық кілті - дене шынықтыру. Қайталап айтамын: бұқаралық спортқа, балалар спортына барлық жағдайды жасау қажет. Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымының кезең-кезеңімен құрылуын қамтамасыз етуі керек. Жалпы, Токио Олимпиадасының нәтижесіне байланысты спорттағы жағдайды бөлек отырыста қарастыру қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады.