Президент субсидия бөлу тәртібін бақылауды күшейтуді тапсырды

Президент субсидия бөлу тәртібін бақылауды күшейтуді тапсырды
vyksavkurse.ru

Субсидияны талан-таражға салуға болмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осылай деді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Президент Жолдау барысында ауылшаруашылық саласына басымдық беру қажеттігін айтты.

«Аграрлық салада сабақтастықтың  жоқтығын алға тартты. Әсіресе, субсидиялау мәселесін қайта қарау керек. Соңғы 5 жылда 2 триллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Әсіресе, ұсақ ауылшаруашылық тауарларына қолжетімділікті арттыру қажет. Шағын және орта шаруалар үшін субсидия қолжетімді болу керек», – деді Мемлекет басшысы.