Қазақстан-Сан-Марино ойынында есеп ашылды

Қазақстан-Сан-Марино ойынында есеп ашылды
Сурет: @ptrkkz

Астанада өтіп жатқан  Қазақстан-Сан-Марино матчына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі келді.

Мемлекет басшысымен бірге ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері де келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Олардың арасында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген, мини-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака), футбол ардагерлері Михаил Гурман мен Вахид Масудов, бапкер Дмитрий Огай, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин және тағы басқалары бар.

Елорданың «Астана Арена» стадионында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары арасында ойын өтуде. Дәл қазір ойынның алғашқы таймы аяқталды. Кездесудің 19-минутында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков қарсыластар қақпасына доп дарытып, есеп ашты. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін  футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ЕURO 2024 аясында Сан-Марино құрамасымен кездесетінін хабарлаған едік.