Алматыда кейбір маршруттардың қозғалыс схемалары өзгереді

Алматыда кейбір маршруттардың қозғалыс схемалары өзгереді
Сурет: Vlast.kz

Жолаушылардың өтініштері бойынша 14 қарашадан бастап №59, №113 және №205 маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгертіледі. Енді олар Құлжа тас жолы мен Бұқтырма көшесінің қиылысынан қозғалған кезде көпірдің астына кетіп, Рысқұлов даңғылында кері айналып, жол бойындағы аялдама пункттеріне тоқтап өтетін болады.