Алтын-Емелде ерекше қар барысы фототұзаққа түсті

Алтын-Емелде ерекше қар барысы фототұзаққа түсті
Cурет: «Алтын-Емел» МҰТП

Фототұзақтан қар барыстарының жаңа суреттері алынды

Бұл туралы  «Алтын-Емел» МҰТП-ның facebook-тегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Жақында «Алтын Емел» ұлттық паркінде Халықаралық қар барысы қорының директоры А. Кашкинбеков Зоология институтының қызметкерлері және ғылыми бөліммен бірлесіп қар барыстарының зерттеу жұмыстары жүргізілді. 


«Алтын-Емел» МҰП-да қар барысының жаңа суреттері алынды.
Бұл жолы фототұзақтың объективіне спутниктік радио белгілеу бар және белгілеу жоқ қар барысы түсті.