Ерлан Тұрғымбаев бұрынғы қызметінен босатылып, жаңа лауазымға тағайындалды

Ерлан Тұрғымбаев бұрынғы қызметінен босатылып, жаңа лауазымға тағайындалды
Сурет: Tengrinews.kz

Ол осы қызметке 2019 жылы ақпан айында тағайындалған болатын.

Президенттің Жарлығымен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылып, ҚР президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев осы қызметке 2019 жылы ақпан айында тағайындалды. Бұған дейін алты жыл бойы министрдің орынбасары болды. Тергеу комитетінің төрағасы, сондай-ақ Алматы қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменттерін басқарды.